Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында егістік жұмыстары аяқталды

2021 жылдың 10 маусым 2021 20:34

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде көктемгі егістік жұмыстары мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев айтып өткендей, көктемгі егістік жұмыстары оңтайлы уақытта ойдағыдай атқарылды.

- 1,8 миллион гектар жерде көктемгі егістік жұмыстары өткізіліп, ауыл шаруашылық дақылдары 1518 мың гектарға егілді – бұл былтырғы көрсеткіштен 83 мың гектарға артық, - дейді Нұрболат Мақашев. – Оның ішінде дәнді дақылдар 917,5 мың гектар, майлы дақылдар – 211,3, жем-шөп 360,5 мың гектарға егілді.
Астықтықтың форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 518 млн сомаға жеті өтінім мұқұлданды. Олардың 7,7 мың тоннасы дәнді дақылдар, бір тоннасы күнбағыс пен 500 тонна қарақұмыққа тиесілі.
Егістік жұмыстарына барлығы 5800 трактор, 6489 тырма, 1763 соқа, 4030 тұқым сепкіш және 212 егістік кешені пайдаланылды.
Жыл басынан бері 441 бірлік жаңа техника сатып алынды.

Басты сөздер: Ауыл шаруашылығы,
Жоғары қарай