Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында ферроқорытпа зауыты салынбақ

2020 жылдың 21 қазан 2020 10:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үндістанның «Monnet» компаниялар тобының негізін қалаушы және Басқарма төрағасы Сандип Джаджодиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған министрлік мәліметінше, Үндістан компаниясы Павлодар облысында ферросилиция шығаратын металлургиялық зауыт салуды жоспарлап отыр. Зауыттың өндірістік қуаты алғашында жылына 15 мың тонна болса, кейін 50 мың тоннаға дейін арттыру көзделген. Инвестицияның алдын ала көлемі басында 50 млн долларды құраса, екінші кезеңде 200 млн долларға дейін жеткізіледі. Зауыттың негізгі өнімі экспортқа шығарылмақ. Аталған компанияның инвестициялық операторы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Қазақинвест» АҚ.

«Сондай-ақ, Павлодар облысының Екібастұз индустриялық аймағы аумағында өнеркәсіпті энергетикалық қолдау мәселелері, сонымен қатар шикізатты жеткізушілердің мүмкіндіктері талқыланды», - делінген ведомствоның Telegram каналында жарияланған ақпаратта.







Жоғары қарай