Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында халыққа былтырғыдан 9 есе көп пәтер жалға беріледі

2020 жылдың 26 қараша 2020 13:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов аймақтағы халыққа жыл соңында жалпы көлемі 346 мың шаршы метр болатын баспана берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысы тұрғындарының жағдайын жақсартуға «Жұмыспен қамту жол картасы» мен өзге де мемлекеттік бағдарламалар едәуір ықпал етіп тұр. Биыл 1 мың шақырым жол күрделі жөнделід. Оның бестен бір бөлігі - бұрын-соңды асфальт болмаған жолдар. Сонымен қатар, 205 мың ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтылады. Жаңа салынып немесе күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысанның жалпы саны 200-ге жуық», - деді Әбілқайыр Сқақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша мектептер мен ауруханалардан өзге ауылдағы спорт алаңдары да жаңартылып жатыр.

«Ал, жыл соңында жалпы көлемі 346 мың шаршы метр болатын баспана тапсыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде жалға берілетін пәтерлер саны былтырғыдан тоғыз есе көп», - деді ол.

Әбілқайыр Сқақов одан бөлек өңірдегі өндірістік кластерді дамытудың болашағы барына сенімді. Мәселен, алюминий кластері барған сайын қалыпқа түсіп келе жатыр. Осы күні шикізаттан автокөлік дөңгелегі шығарылып келсе, жылдың аяғында радиатор өндірісі басталады. Мыс кластерінің де даму әлеуеті жоғары. Тек Бозшакөлдің өзінде жылына 100 мың тоннадан астам металл өндіріледі. Екі бағытты да кластерлік дамыту бойынша жұмыс қызу жүріп жатыр.


Жоғары қарай