Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Павлодар облысында қант қызылшасы отырғызылады

2019 жылдың 8 тамыз 2019 22:58

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде болашақ қант зауытына шикізат базасын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Павлодарда JohnDeere маркалы ауылшаруашылық техникаларына қызмет көрсететін сервистік орталық салуды жоспарлап отырған «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өкілдерімен кездесу кезінде мәәлім етті.




Болат Бақауовтың айтуынша, қызылша отырғызуға арналған тұқымдар KWS неміс компаниясынан алынады. - Әдеттегідей, тәжірибелік отырғызу кезінде біздің бірнеше шаруа қожалықтары бір гектар жерге қызылша еккен кезде кішігірім техникалық қателіктер жіберілді, бірақ бұл жұмыстың бүгінгі нәтижелері жақсы, - деді өңір басшысы. – Қыркүйек айында біз бір тамыр дақылының қанша салмақ болатынын, сондай-ақ өсірілген қызылшадағы қант мөлшерін анықтаймыз. Келесі жылы 400 гектар қант қызылшасын отырғызатын боламыз.

Еске салайық, осылайша Павлодар облысында таяу жылдары іске қосылуы жоспарланған қант зауыты үшін шикізат базасын дайындау басталды. Зауыт жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ресейлік «БМА Руссланд» компаниясы дайындады. Инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттары алынды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жоғары қарай