Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында көлік қаққан 66 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды

2021 жылдың 19 қазан 2021 19:51

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы Омбы - Майқапшағай автожолында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz ресурсына сілтеме жасап.

18 қазан күні сағат 19.25 шамасында «Тойота» автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі Заря ауылына қарама-қарсы тұста 1955 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Әйел адам оқиға орнында дене жарақатынан көз жұмды.
«Жүргізуші жарықтың болмауына байланысты жаяу жүргіншіні кеш байқап, әрекет ете алмай қалған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - дейді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Полиция департаменті «Қазавтожол» АҚ басшылығына қала сыртындағы жолдарда (елді мекендердің жанында, қауіптілігі жоғары жерлерде, өткелдердің үстінде, мал айдау учаскелерінде, автобус аялдамаларында) жасанды жарықтандыру орнату мәселесі бойынша ұсыныстар жіберді.
Сонымен қатар, полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды көлікті басқару кезінде, әсіресе қала сыртындағы жолдарда аса мұқият болуға, жылдамдық режимін және жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтауға шақырады.
Жоғары қарай