Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу басталды

2021 жылдың 16 мамыр 2021 18:03

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ертіс жайылмасында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу басталды. Зиянкестерді улау жұмыстары «Бактицид» биологиялық препаратымен жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметі бойынша, алқаптарды өңдеу ғылыми қолдау тобының ұсынымына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші кезекте Павлодарское ауылының маңындағы алқап өңделді.
«Бактицид» биологиялық препаратын сумен 1:10 мөлшерінде араластырады, яғни бір тонна суға жүз килограмм препарат жұмсалады. Ал ерітінді жер қойнауын пайдалану басқармасы, ғылыми қолдау тобы және «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен дайындалады», - делінген басқарманың хабарламасында.

Бұдан кейін ерітінді ұшаққа құйылады. Ұшақ төмен ұша алатын кезде, яғни таңертең және кешке препаратты тиімді шашырата алатын мезгілде шығады.



Жоғары қарай