Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Павлодар облысында жол апатынан екі зейнеткер мерт болды

2021 жылдың 15 қараша 2021 17:17

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 қараша сағат 10:40-та Павлодар-Успенка-РФ шекарасы тасжолының 72 шақырымында «ВАЗ 21074» маркалы автокөлігінің тайғақ жолда жылдамдықты сақтамаған 70 жастағы жүргізушісі «Фольксваген Пассат» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 21074» көлігінің жүргізушісі мен 70 жастағы жолаушысы алған жарақаты салдарынан мерт болды», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

«Фольксваген Пассат» автомобилінің 49 жастағы жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

«Жол апатының тағы бір себебі - «Қазавтожол» ЖШС-ның қар тазалауды дұрыс ұйымдастырмауы болуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу аясында осы тасжолды қадағалайтын ұйымды жауапқа тарту мәселесі де қарастырылып жатыр», - деді ведомстводан.

Авторы: Антон Гагарин


Жоғары қарай