Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодар тұрғыны бесінші қабаттан құлап кете жаздады

2020 жылдың 11 шілде 2020 12:23

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 35 жастағы тұрғынның айқайлаған дауысын естіп, туыстары құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар қаласында полицияға Кривенко көшесінің бойындағы үйдің бесінші қабатында балконда әйелдің ілініп тұрғаны туралы хабар түскен. Оны ер адам ұстап тұрған», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

35 жастағы әйел қоршалмаған ашық балконға шығып, шынтағымен таянып тұрған. Ол абайсызда сыртқа қарай құлап, балконның сырт жағынан жармасып үлгерген. Оның айқайлаған даусын естіген туыстары жүгіріп келіп, оны ұстап қалған.

Аталған факті бойынша ешкімге шағым түсірмейтінін айтқан. Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, балконнан құлап кете жаздаған әйел өз пәтерінде болған. Ол полицейлерге қолы тайып кетіп, балконның сыртына құлап кете жаздағанын айтқан.



Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай