Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар зауытын жөндеу кезінде жанармаймен Атырау және Шымкент МӨЗ-дері қамтамасыз етеді

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтаған кезінде Қазақстанның әуе отыны өндірісі басқа мұнай өңдеу зауыттары есебінен қамтамасыз етілетін болады.Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазан айында Атырау және Шымкент МӨЗ-дері жиыны шамамен 35 мың тонна әуе отынын шығарады. Жинақталған көлемдерді есепке алғанда, бұл ішкі нарықтың әуе отынына деген сұранысын толығымен өтейді.

Еске сала кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары қазанның 1-і күні басталады. Зауыттың қалыпты жұмысы қазан айының соңына жоспарланып отыр.


Жоғары қарай