Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда 40 млн теңге жымқырған «Шаңырақ» мәдени орталығының басшысы сотталды

2021 жылдың 1 қазан 2021 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджеттен 40 млн теңге жымқырды деп айыпталған Паводар қаласындағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының басшысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов Antikor ақпарат алаңында мәлім етті.

«21 қыркүйекте Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының басшысы Аяпбергенова 7 жылға бас бостандығынан айырылды» деді агенттік тергеушісі.

Осы үкіммен «Шаңырақ» орталығының кассирі Әбішаева да 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылыпты.

«Аталған тұлғалар әртістердің қызметтер көрсетуі туралы көрінеу жалған шарттар жасау арқылы 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 40 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенген. Аяпбергенова өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, Әбішаева материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен 10 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.


Жоғары қарай