Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда 79 жастағы қарияны көлік қағып кетті

2021 жылдың 21 шілде 2021 11:36

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда көлік қағып кеткен79 жастағы зейнеткер көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Әуежай - Павлодар автожолында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 08.00-де «Mitsubishi Delica» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолдың жиегімен келе жатқан 79 жастағы қарияны қағып кеткен.
- Салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Алайда зейнеткер есін жимастан қайтыс болды, - деді департаментте.

Сол күні сағат 11.30-да Минин - Щедрин көшелерінің қиылысында «ВАЗ 21112» және «Тойота-Коррола» маркалы автокөліктерінің соқтығысуы орын алды.
«ВАЗ 21112» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалып, барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай