Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Павлодарда автокөлік өртенді

2021 жылдың 15 қараша 2021 18:10

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда тұрғын үйдің ауласында тұрған автокөлік отқа оранды. Өрттің шығуына тоқтардың қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 12:44-те Н.Назарбаев даңғылы 29 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түскен. Тұрғын үйдің ауласында 2002 жылы шығарылған Mazda Tribute автомобилінде мотор бөлімі, аспаптар панелі және жартылай екі алдыңғы доңғалақ жанып кеткен.
- Өрт 13:06-да толықтай жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Төтенше жағдай орнына жеке құрамның алты адамы және өрт сөндіру қызметінің бір техникасы жұмылдырылды.


Жоғары қарай