Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодарда «бомба қойылған» үйден 30 адам эвакуацияланды

2020 жылдың 1 шілде 2020 13:52

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Кәмелет жасына толмаған Павлодар тұрғыны телефонмен мұғаліміне «қалжыңдап» жарылғыш зат жасырып қойғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодарлық полицейлер жарылғыш зат туралы жалған ақпарат хабарлаған 15 жасар жасөспірімді ұстады», - деп мәлім етті Павлодар облыстық полиция департаментінен.

30 маусымда жедел басқару орталығына Павлодар тұрғынынан телефон қоңырауы түскен. Ол ұялы телефонына белгісіз адам хабарласып, Назарбаев даңғылының бойындағы пәтерлердің біріне «бомба қойылғанын» мәлімдегенін айтқан.

Департаменттің мәліметінше, оқиға орнына барлық жедел әрекет күштері жіберілген.

«Үй мен пәтерді тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Полиция қызметкерлері 30 тұрғынды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады. Жедел қызмет жүргізген шаралар нәтижесінде 2004 жылғы кәмелет жасына толмаған жасөспірім анықталып, ұсталды. Оның айтуынша, ол үйінде отырып, мұғалімімен «қалжыңдаспақ» болған және жарылғыш зат туралы айтқан», - деді департаменттен.

Жасөспірім анасымен бірге полицияға жеткізілді.

ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай