Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда екі жеке үй отқа оранды

2021 жылдың 17 мамыр 2021 17:00

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда екі жеке тұрғын үй мен үш шаруашылық қора-жайдың шатыры отқа оранды. Өрт сөндірушілер 27 литр сыйымдылығы бар бір газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 мамыр күні сағат 12:50-де Павлодар қаласы, Қостанайлық көшесі, 34-ші үй мекен-жайы бойынша өрт туралы хабар келіп түсті. Өрт жеке тұрғын үй секторында 390 шаршы метр ауданды шарпыған», - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Құтқарушылардың дерегінше, екі жеке тұрғын үй мен үш шаруашылық қора-жайдың шатыры жанған. 14:15-те өрт ауыздықталды.

«Құтқарушылар 27 литр сыйымдылығы бар бір газ баллонын эвакуациялады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ведомстводан.

ТЖ орнына ТЖД жеке құрамының 39 қызметкері, тоғыз техника бірлігі, үш жұмысшы және апаттар медицинасы орталығының бір көлігі, сонымен қатар екі көлікті мінген төрт полицей жеткен.

«Өрттің себебі мен келтірген шығыны анықталуда», - деп қорытты ведомствоның баспасөз қызметінен.


Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай