Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Павлодарда көлік қаққан 58 жастағы ер адам көз жұмды

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 11:25

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жол жиегінде отырған 58 жастағы тұрғынды 41 жастағы ер адам тізгіндеген Shacman көлігі қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 желтоқсан күні кешкі сағат 21.45 шамасында Павлодар қаласының Жібек жолы көшесінде, қалалық қоқыстың жанында 41 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Shacman автомобилі жол жиегінде отырған 58 жастағы жаяу жүргіншіні қақты.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргінші оқиға орнында қаза тапты» деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінде көлік айып тұрағына қойылған. тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жол апатынан 49 жастағы жүргізуші көз жұмған болатын.

«Ленинский-Русская Поляна» автожолының 136-шақырымында Ертіс ауданы Ынтымақ ауылына жақын маңда «Ауди-80» маркалы автокөліктің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысып қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.


Жоғары қарай