Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда көлік қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

2020 жылдың 27 қазан 2020 22:00

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жеңіл көлік көшеде екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қазан күні кешкісін сағат 18:26 шамасында Павлодар қаласының Катаев және Гагарин көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде хабар келді. «Тойота Камри « көлігінің 51 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі адамды қаққан « деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатынан жаяу әйел оқиға орнында көз жұмды, ал ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«Жүргізуші сау, ішімдік ішпеген. Көлік апатының себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр» дейді ведомстводан.


Жоғары қарай