Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда колонияға спирттік ішімдік өткізу әрекетінің жолы кесілді

2021 жылдың 16 мамыр 2021 15:09

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жеңіл көлік жүргізушісінің бас бостандығынан айыру орнына спирттік ішімдіктер өткізу әрекетінің жолын Одри есімді қызметтік ит кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚАЖБ-15 көлік құралдарын бақылау-өткізу пунктінде ВАЗ маркалы көліктің жүргізушісі, В.есімді азамат түзету мекемесінің ішіне спирттік ішімдіктер өткізу әрекетін жасады», - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық ұланы «Шығыс» аймақтық қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

6679 әскери бөлімінің Одри есімді қызметтік иті көліктің жүксалғыш бөлігін иіскелеп тұрып алған. Гвардияшылар бұл жерді тексере бастады, деді ол.

«Тексеру кезінде нұсқаушы маман, қатардағы жауынгер Медет Тілектес қызметтік иттің көмегімен көліктің жүксалғышынан скотчпен оралған алкогольдік ішімдіктерді анықтады. Тыйым салынған заттар ары қарай тексеру үшін ҚАЖБ қызметкерлеріне тапсырылды», - деп қосып өтті Б.Амангелді.


Жоғары қарай