Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда коронавирустың өршуіне карантинді елемейтін тұрғындар себеп болып отыр

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 21:20

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Павлодар облысы қызыл аймақта қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметке қарағанда, апта ішінде облыстың тоғыз аймағындағы ең жоғары өсім мынадай: аудандар бойынша – Тереңкөл (28%), Май (16,6%), Аққулы (15,6%), Ақтоғай (13,3%), Успен (7,8) және Ертіс (6,1%), қалалар көлемінде - Ақсу (9,2%), Екібастұз (7,7%) Павлодар (6,2).

Сырқаттану көрсеткішінің өсуіне негізгі себеп - тұрғындардың карантин шараларын сақтамауы.

Мәселен, Ақтоғай ауданында тәулік ішінде КВИ ауруының 4 жағдайы тіркелді. Бір адам қоғамдық орынға - сауда үйіне жеке қорғаныс құралын кимей барған кезде жұқтырған.

Екінші жағдайда инфекция жұмыста әріптестерімен мерекелік түскі ас кезінде жұққан. Көп ұзамай байланыста болған барлық әріптестерінен КВИ белгілері анықталды.

Үшінші жағдайда зейнеткер дене қызуы көтеріліп, КВИ-дің басқа белгілері болғанына қарамастан медициналық ұйымға хабарласпай, өзін-өзі емдеген.

Тағы бір жұқтыру жағдайы отбасында, үй ішінде тығыз байланыста болғанда орын алған.

Тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тығыз байланыста болған адамдар қатарына 27 адам кірді, барлығынан ПТР зерттеу үшін материал алынды.

Дүкендер мен қоғамдық көлікте адамдар медициналық маска тағу, арақашықтықты және дезинфекция режимін сақтау сияқты карантин шараларын ескермейтіні анықталды.


Жоғары қарай