Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда саяжайлар өртеніп жатыр

2021 жылдың 30 мамыр 2021 17:48

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында Лимонная көшесіндегі «Металлург» саяжайында өрт шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Отқа оранған саяжайлардың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

- 30 мамырда сағат 11:08-де Павлодар қаласы, «Металлург» саяжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Қамыс жанып жатыр, өрттің аумағы белгіленуде. Оқиға орнында жеке құрамның 20 адамы мен 6 техника жұмыс істеуде, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.

Еске салайық, бұған дейін департамент басшысы журналистерге соңғы кезде Павлодарда саяжайлардың неліктен дерлік күн сайын өртеніп жатқанын айтқан болатын.
Мамандар өрттің негізгі себебі отты абайсыз пайдалану болып табылады дейді. Кездейсоқ ұшқынның салдарынан өрт көрші саяжайларға таралуы мүмкін. Ал, саяжайлардың көпшілігі бұрыннан қараусыз қалған, бұталар өсіп кеткен.
Кәсіпкерлік бөлімінің мәлімдеуінше, 19 павлодарлық бақта 44 934 саяжай бар. Олардың жартысы қараусыз қалған.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай