Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда спорт мектебінің шатыры опырыла құлады

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 15:31

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Батыр» спорт мектебінің шатыры опырыла құлады. Балалар жедел эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.

Өңірлік туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесі, 63/1а мекенжайы бойынша орналасқан «Батыр» БЖСМ бокс залында шатыр құлап түскен.

- Зардап шеккендер жоқ, - деп нақтылады Нұрлан Есембаев. - Залда ешкім болмаған. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды. Мектепте директор мен вахтер болды. Екі еден плитасы құлағаны белгілі. Оның не себепті құлағанын анықтау бойынша комиссия құрылды. Құрамына облыстың ТЖД және МСҚБ қызметкерлері кірді.

Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген.

Қазір ғимаратты полиция қоршап, анықтау жұмыстары жүргізілуде.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай