Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда тәркіленген 3 тоннаға жуық спирттен антисептик жасалады

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 15:21

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 3 тоннаға жуық тәркіленген спирт антисептик жасауға жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұдан бұрын көлеңкелі айналымнан алынған 2,9 мың литрден астам құрамында спирт бар өнімді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің химия және химиялық технологиялар кафедрасына антисептик өндіріп шығару үшін табыстады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш департамент айналымнан алынған құрамында спирт бар сұйықты, сондай-ақ медициналық маска мен антисептиктерді уәкілетті органдар мен мекемелерге беріп келеді. Пандемия басталған кезеңнен бастап қолға алынған бұл шара Павлодар облысында короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жасалады.


Жоғары қарай