Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда ұялы телефоннан шыққан өрттен қыздың басы күйіп қалды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 23:23

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда телефоннан шыққан өрттен қыздың басын күйік шалды.Тілсіз жау жатын бөлмені толық шарпыған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 19 тамыз күні сағат 10:20-да Нұркин көшесі, 116 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде орын алған.

«Екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесінде өрт шығып, үй заттары мен жиһаздар жанған. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 11:00-де өрт толығымен жойылды. Оқиға орнынан 2002 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Қыздың басын 30 пайыз күйік шалған» , - деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы м.а. Тілекжан Галямов.

Департаменттің хабарлауынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болған. «Зардап шеккен қыз ұйықтап қалған. Ұялы телефоны қуаттау көзіне қосылып, төсекте жатқан. Шыққан өрттен алдымен матрас жанған» , - деді департаментте.

Оқиға орнына өрт сөндіруші жеке құрамның 16 адам мен 5 техникасы, медициналық көмектің 3 адам мен 1 техникасы жұмылдырылды.


Жоғары қарай