Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Павлодарда үйсіз-күйсіз  адамдарды суықтан құтқарып жатыр

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 14:14

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қыс басталғалы павлодарлық полицейлер қаңғыбастар жиналған жерлерге рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар айы басталғалы, 5 күн ішінде Павлодар қалалық бейәлеуметтендіру орталығына қиын жағдайда қалған тұрақты үй-жайы жоқ 50 адамды жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.




Полицейлердің айтуынша, барлық патрульдік бөлімшеде тұрақты баспанасы жоқ адамдар жиналатын жерлердің картасы бар, ол өзгеріп отырады.




«Олар полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен кейін түрлі шаралардан өтеді: фото, видеоесепке қояды, саусақ іздерін алады, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалып кеткендер тізімімен салыстырады. Адамдарды кәріз құдықтарынан шығарып алған соң, жылу желілері қызметшілері ешкім кіріп кетпес үшін оларды жауып тастады», - деді баспасөз қызметіндегілер.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Қоғам, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай