Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда жеке кәсіпкердің 90 тонна шөбі жанып кетті

2021 жылдың 13 қазан 2021 13:38

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында кәсіпкердің 90 тонна шөбі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қазанда 20 сағат 46 минутта Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 2394 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. «Бейбітова» жеке кәсіпкерлігінің қоршалған ашық аумақта орналасқан буылған 90 тонна шөбі өртенді. Аумағы 280 шаршы метр», - деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

ТЖД оқиға ең жақын орналасқан мамандандырылған № 1 өрт сөндіру бөлімшесінен 8 шақырым жерде болғанын атап өтті. Өрт бүгін таңертең, сағат 07.29-да сөндірілді.

«Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамнан 16 адам және 5 техника жұмыс істеді, зардап шеккендер жоқ», - деді департаментте.




Авторы: Антон Гагарин


Жоғары қарай