Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодардан елордаға ұшатын ұшақ билеті тағы арзандады

2019 жылдың 22 қыркүйек 2019 11:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодардан Нұр-Сұлтанға ұшақпен 5 мың теңгеге жетуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді Павлодардан Нұр-Сұлтанға небәрі 4999 теңгеге жетуге болады. Сапарды 4 қазаннан бастап орындаймыз. Билеттерді ‪flyarystan.com сайтынан сатып алыңыздар. Оған қоса 6999 теңгеден басталатын Павлодар-Алматы бағыты туралы естеріңізге саламыз», - делінген Flyarystan компанияның Facebook-тегі парақшасында жария етілген ақпаратта.

Естеріңізге сал кетсек, 3 қыркүйек күйі аталған компания Нұр-Сұлтан-Павлодар бағыты бойынша әуебилеттерді 5 999 теңгеден бастап сата бастағандығын жария еткен болатын. 4 қазанда басталатын жаңа рейсті 180 орындық Airbus A320 әуе кемесі күнделікті орындамақ. Сол кездің өзінде FlyArystan компаниясы Павлодар әуежайы аймақтағы жолаушылардың санын көбейту үшін FlyArystan-ға және өзге әуе компанияларға қолдау көрсетсе, Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытында билеттің құнын тағы 1000 теңгеге төмендетуге дайын екендігін білдірген еді.


Жоғары қарай