Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодардың 72 тұрғыны Астана күні қарсаңында баспаналы болды

2020 жылдың 3 шілде 2020 22:56

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Циолковский, 12/3 мекенжайындағы жаңа көпқабатты үй «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында тұрғызылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов павлодарлықтарды екі бірдей мерейлі күнмен құттықтады.

- Келе жатқан Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын, - деді Қайрат Нүкенов. – Мемлекетіміздің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру. Қазіргі уақытта әлеуметтік жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылған. Міне, бүгінгі үйдің ашылуы – тұрғын үй саясатымыздың маңызды нәтижесі. Шаңырақтарыңыз әрқашан жақсылыққа тола берсін. Барлықтарыңызға ырыс, бақ-береке тілеймін.





Қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Асығат Ахметовтің айтуынша, баспаналы болған 72 адамның 27-сі – жергілікті атқарушы органдар өкілдері. Қалғандары – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары.

Бүгін қоныс тойын тойлаған 3-қалалық аурухананың сәулелі диагностика дәрігері Мейіржан Машрапов қала басшылығына ризашылығын білдірді.

- Бұл өміріміздің ең бақытты сәттердің бірі, - дейді ол. – Әкімдік пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» мемлекеттік бағдарламаға қатысып, сол арқылы бір бөлмелі пәтердің иесі болғанымызға алғыс айтамыз. Осынау қиын-қыстау заманда үй құрылысына атсалысқан азаматтарға да ризамыз. Дәрігер ретінде барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін.

Айта кетейік, «Сарыарқа» мөлтекауданында бой көтерген жаңа үй 72 пәтерден тұрады. Олардың 36-сы бір, 18 – екі және қалған 18-сі үш бөлмелі пәтерлер.








Жоғары қарай