Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Павлодарға Түркиядан ұшып келген Қазақстанның 102 азаматынан коронавирус табылмады

2020 жылдың 6 сәуір 2020 07:54

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

«Құрметті Павлодар обысы тұрғындары! Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты кеше Павлодарға Түркиядан 102 Қазақстан азаматы келді. Барлығы карантиндік госпитальда оқшауланды, олардың ішінде Павлодар облысы мен шекаралас облыстардың тұрғындары да бар», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов.

Сонымен қатар Біржан Досмаилов барлығына сараптама жасалып, олардың нәтижесі бүгін белгілі болғанын мәлім етті.

«Қуанышымызға қарай, отандастарымыздың ешқайсысынан COVID-19 белгілері табылған жоқ. Қайталап айтамын, барлығының дені сау. Және де бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады. Өзіңіз бен отбасыңызға қорған болыңыз», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.


Жоғары қарай