Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Павлодарлық 110 жастағы кейуанаға жаңа жеке куәлік табысталды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 18:31

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Құжаттары бойынша Күлжамиля Ахмедьянова 1912 жылы 1 қаңтарда Ертіс ауданы Голубовка ауылында дүниеге келген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері әжейді құттықтап, жаңа жеке куәлігін табыс етті.
- ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (1,2,3-топ мүгедектері), мүгедектігі бар балалар ХҚО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді үйде ала алатынын еске саламыз. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін шақыру үшін азаматтар 1414-ке өтініш қалдыруы қажет, содан кейін оларға 7 жұмыс күні ішінде ХҚО мамандары үйлеріне барып қызмет көрсететін болады, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ПОФ баспасөз хатшысы Мейрамгүл Әбдірахманова.

Өткен жылы мемлекеттік корпорацияның филиалы Ертіс өңірінің тұрғындарына 2 777 рет үйлеріне барып 3035 қызмет көрсеткен.


Басты сөздер: Аймақ, Қоғам, Павлодар облысы,
Жоғары қарай