Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарлық маникюрші бала кезекті халықаралық байқауда жеңіске жетті

2021 жылдың 23 мамыр 2021 23:48

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық оқушы Парижде маникюр жасаудан өткен халықаралық байқау жеңімпазы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«14 жастағы екібастұздық Арулат Мұхаметқали Парижде өткен nail-шеберлік бойынша байқауда жеңіске жетті», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Білім басқармасынан.

Жеткіншек маникюр жасау ісімен мүмкіндігі шектеулі бауырының еміне көмектесу үшін айналыса бастаған болатын.

«Бұл, жас шебер үшін кәсіпқойлар арасындағы алғашқы жеңіс емес. Оның Ресей, Португалия, Украина, Греция, Италия, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері және Болгарияда өткен турнирлердегі жеңісі үшін алған, барлығы 12 дипломы бар», - деп қосты ведомстводан.

Білім басқармасының ақпаратына сүйенсек, Арулат маникюр жасаудан бөлек, бимен айналысады және інісінің шаштараз болу арманын жүзеге асыру үшін оның оқу курсын төлеп отыр.

«Парижде өткен нейл-чемпионатта бірінші орын алдым. Әр жеңіс маған қуаныш сыйлайды. Маған қолдау білдіріп отырған оқырмандарыма алғыс айтамын!», - деп жазды жеткіншек Instagram-парақшасында.











Жоғары қарай