Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарлық шабандоздардың челленджі желі қолданушыларын таңғалдырды

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 09:18

БАЯНАУЫЛ. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Баянауыл ауданының тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған республикалық челленджге қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлия Ермекованың айтуынша, Баянауыл ауылындағы Сәтбаев көшесінің бойымен 38 адам салт атпен және 22 адам көліктерімен жүріп өткен. Олардың әрқайсысында Мемлекеттік Ту болды.
Челленджге барлығы 80 адам қатысып, жалпы ұзындығы 2,8 км жүріп өтті.
Әлия Ермекова шара барысында эпиднормалар сақталғанын және қатысушылар қоғамдық тәртіпті бұзбағанын атап өтті.

Еске салайық, Тәуелсіздің 30 жылдығына арналған осыған ұқсас челлендждер республиканың өзге өңірлерінде де өткізілуде. Қазақстандықтар авто-, мото және салт атпен шерулер ұйымдастыруда.





Жоғары қарай