Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда 1 сәуірден бастап шектеу шаралары енгізіледі

2020 жылдың 30 наурыз 2020 21:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 1 сәуір түнгі сағат 00.00-ден бастап шектеу шаралары қолға алынады. Бұл жайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдың айналасында негізгі бағыттар бойынша блокбекеттер қойылады. Олардың саны тоғызға жетпек.

«Халық тек аса қажет жағдайда ғана кіріп-шыға алады. Құжаттарды тексеруден басқа сауалнама алынады. Санитарлық, ветеринарлық бақылау жүргізіледі. Блокбекеттерді қоюдағы мақсат – бейсауат жүрушілерге шектеу салу. Қажет жағдайда, жұмыс бойынша немесе ауруханаға бару үшін ғана кіріп-шыға алады», - дед» Құмар Ақсақалов.

Облыс аудандарында да санитарлық бекеттердің жұмысы күшейтіледі. Яғни өңір тұрғыны нақты қажеттілік болған жағдайда ғана аудан шекарасынан өте алады. Той-томалаққа жиналғандарға жол жабық.

Петропавл халықаралық әуежайы бүгіннен бастап жабылды. Теміржол вокзалы да жұмыс істемейді. Билеттерді сату тоқтатылады. Тек 27 наурызға дейін билет сатып алғандар ғана жолдарынан қалмайды.

«Бұған дейін ұсыныс болса, енді төтенше жағдай талабын орындауымыз қажет. Бұл тәртіп бәріне ортақ, оны сақтауға міндеттіміз. Полиция бұл талаптардың тиісті деңгейде орындалуын қадағалайтын болады. Адам көп шоғырланған орындарда болу арқылы сіз өз басыңызды, туған-туыстарыңыздың денсаулығы мен өмірін қауіпке тігетініңізді ұмытпаңыз», - деді өңір басшысы.


Жоғары қарай