Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда 59 келі марихуана өртелді

2020 жылдың 14 қараша 2020 01:49

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер «Қарасора» операциясы аясында заңсыз айналымнан алған 59 кг марихуана жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің кезекті партиясын өртеді. Қазан айының соңында «Қарасора» операциясы аясында Петропавлда 59 келіден астам марихуана тәркіленді. Қала көшелерінің бірінде Toyota Mark II автокөлігі тоқтатылып, тінту кезінде көліктің жүксалғышынан үш қап марихуана табылған. Көліктегі жолаушы есірткі қылмысына қатыстылығын мойындады. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сол жолы алынған 59 келіден астам марихуана прокуратура мен медицина қызметкерлерінің көзінше қаладағы қазандықтың бірінде жойылды.





«Есірткі заты 10 жұмыс күні ішінде жойылуы тиіс. Карантин шектеуіне байланысты арнайы комиссиядан басқа волонтер мен жастар ұйымдарынің өкілдері қатыса алмады. Біз оларды үнемі осындай акцияларға қатысуға шақырамыз. Нашақорлықтың алдын алуда, есірткі қылмысының профилактикасы негізінде – біз өмірлік ұстанымы жоғары жастарды жоғары бағалаймыз», - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.





Жыл басынан СҚО-да заңсыз айналымнан 400 келіден астам түрлі есірткі алынды. Оның ішінде 350 кг жуығы марихуана, 1 кг 690 г – синтетикалық есірткі, сондай-ақ 372 г - героин.





Жоғары қарай