Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда 78 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

2021 жылдың 14 мамыр 2021 18:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда рульде 19 жастағы бозбала болған көлік жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 14 мамыр сағат 16.45 шамасында Н.Назарбаев көшесі бойындағы № 219 үйге қарама-қарсы жолда жол-көлік оқиғасы болды. 19 жастағы бозбала «Lada Kalina» көлігімен жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған 78 жастағы зейнеткерді қағып кеткен.

Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем көлігі алғашқы медициналық көмек көрсету және диагноз қою үшін Петропавлдағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізді.

Осы дерекке байланысты кінәліге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды.


Жоғары қарай