Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

2021 жылдың 5 тамыз 2021 13:14

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті бір күн бұрын, кешкі сағат он шамасында ұсталған.

Ер адам қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Петропавлда бір апта ішінде бала зорлаудың екі фактісі тіркелді.

«Екі жағдайда да күдіктілер «ізі суымай» ұсталды. Қазір істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты, объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес айтылмайды», - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Қылмыстардың тергелуі полиция департаменті мен облыстық прокуратура басшылығының ерекше бақылауында. Әрбір іс бойынша процесс прокуроры анықталған.


Жоғары қарай