Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда бір отбасы суға батып кете жаздады

2020 жылдың 30 шілде 2020 15:55

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда құтқарушылар Есіл өзеніне қайықпен шығып, суға кете жаздаған отбасыны құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 29 шілде күні болған. Бір отбасының үш адамы, оның біреуі 4 жасар бала, Есіл өзеніне резеңке қайықпен шыққан. Біраз жүзгеннен кейін қайықтың моторы істен шығып, ішіне су кіре бастаған. Қала тұрғындары «112» телефон нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрапты.

Оқиға орнына бірден екі құтқарушы шығып, моторлы қайықпен лезде жетті. Мамандар үш адамды аман-есен жағаға жеткізді. Олардың ешқайсысына медициналық көмектің қажеті болмады.

«Резеңке қайықтың моторындағы бұрандаға балық аулайтын ау оратылып қалған екен. Салдарынан қозғалтқыш істен шыққан. Қайықтың ішіне де біраз су кіріпті. Дер кезінде көмек көрсетудің нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ», - дейді құтқару бөлімшесінің жетекшісі Сергей Черкасов.





Жоғары қарай