Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда көпқабатты 12 үй ғана жылыту маусымына дайын

2019 жылдың 30 шілде 2019 22:07

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қалалық әкімдігінде қысқы жылыту маусымына әзірлік барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында жылыту маусымына әзірлік құжатын әзірше тек 12 көпқабатты үй ғана алды. Бүгінге дейін 200-ден астамының ғана жылыту жүйесі жуылып, тазаланды.

Мамандардың айтуынша, Петропавл қаласында жылда 200-дей тұрғын үй қысқа тиісінше дайындалмайды. Оның бірнеше себебі бар. Бұл көпқабатты баспаналарда пәтер иелері кооперативі жоқ немесе олар өз жұмыстарына салғырт қарайды.

«Жылуды кешіктірмей дер кезінде беру үшін қазірден бастап үйлерді әзірлеу қажет. Былтыр 750 үй дайындалғанымен, әзірлік құжатын тек 150-і ғана алды. Бұл - өте төмен көрсеткіш. Қала әкімі Болат Жұмабеков тиісті қызметтерге жағдайды жақсартуды тапсырды. Коммуналдық қызметтер жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарын алдағы айда аяқтауы тиіс», - деді баспасөз қызметінде.

Петропавл қаласындағы көпқабатты үйлердің саны – 1086. Жылыту маусымы әдетте қыркүйек айының соңында басталады.

Жоғары қарай