Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды

2021 жылдың 16 сәуір 2021 23:18

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Тбилиси» мейрамханасы өртеніп, 9 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 сәуір, сағат 18.17-де 101 пультіне Петропавлдағы Аяған Шәжімбаев, 141 мекенжайындағы «Тбилиси» мейрамханасында өрт шыққандығы жайында хабарлама түседі.

Мамандар оқиға орнына 5 минутта жетіп, бірден өрт сөндіруге кірісті. Олар келгенде екі қабатты ғимарат қалың түтінге оранып, шатыры лапылдап жанып жатқан. Сол жерде шұғыл штаб құрылып, Петропавл қаласының өрт сөндіру қызметінің қосымша күші тартылды. Өрт үш учаскеде бір уақытта сөндіріле бастады.









Мамандардың айтуынша, ғимараттан 9 адам – мейрамхана қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Өртпен күреске 15 техника және жеке құрамнан 67 адам жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан ғимараттың шатыры жанып кетті, екі қабат – 280 шаршы метр жалынмен зақымданды.

Тілсіз жау сағат 19.03-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Әзірге өрттің шығуына не себеп болғаны белгісіз, келген шығын мөлшері де есептеліп жатыр.





Жоғары қарай