Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда отбасымен жанжалдасып, асылып қалған ер адам тірі қалды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 22:10

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда отбасылық жанжалдан кейін өзіне-өзі қол жұмсамақ болған ер адамды тәртіп сақшылары құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға жұма күні сағат кешкі 21.00 шамасында болған. «102» арнасына Былғары зауыт ауданында төбелес болғандығы туралы хабарлама түседі. Мән-жайды анықтау үшін мекенжайға патрульді полицейлер жіберіледі.

Тәртіп сақшылары жанжалдың анық-қанығын білгеннен кейін үйден шығып кеткен ер адамды іздеуге кіріседі. Полицейлер оны жапсарлас салынған үйден мойнына арқан салған күйі тапты. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Асхат Құрмашев және Руслан Қабдолов ессіз күйде болған қала тұрғынын құтқарып қалды.

«Әрбір секунд маңызды еді. Сәл кештеу келгенде, ер адамды ажалдан аман алып қала алмас едік. Ол мас болды. Оның осындай әрекетке баруының себебі белгісіз. Үй маңына жиналған көршілері отбасында жанжал болғаны туралы айтты», - дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны взвод командирінің орынбасары Асхат Құрмашев.

Болған жайтты анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылды. Полицейлер есін жиған ер адамды жақындарына тапсырып, ары қарай қызметтерін жалғастырды.


Жоғары қарай