Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда пәтер иелері кооперативтері қоғамдық бақылаудан өтті

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 12:35

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат –«Пәтер иелері кооперативтері жұмысында қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында Петропавлда волонтерлер көп қабатты тұрғын үйлерді басқаруда жиі кездесетін кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда пәтер иелері кооперативтеріне мониторингті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «ПИК қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Қоғамдық бақылауды өткізбес бұрын 10 волонтер арнайы дайындықтан өтті. Кейін олар бір ай бойы өздеріне бөлінген көп қабатты тұрғын үйде жұмыс істеді.

Қанатқақты жобаға облыс орталығының көп қабатты 20 тұрғын үйі қатысуға ниет білдірді.

«Қоғамдық бақылау бір айға жалғасты. Біздің волонтерлер көп қабатты үйлердің тұрғындарын сауалнамадан өткізіп, 300-ден астам жауап алды. Бұл сауалнамаларда тұрғындар ПИК-тің жұмысына қаншалықты көңілдері толады. Үйдің шешуді қажет ететін қандай мәселелері бар деген сұрақтарға жауап берді. ПИК-тердің құжаттарын тексерді. ПИК тұрғындардан жиналған қаражатты қаншалықты дұрыс жаратады, есеп беру құжаттары бар ма, баспананы күрделі жөндеу үшін қосымша қаражат жинай ма? Өйткені көп жағдайда тұрғындардың пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына көңілдері толмай жатады», - дейді СҚО бойынша «ПИК қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Худяков.




Жобаның мақсаты - көпқабатты үйлерді басқарып отырған кооператив төрағаларын нәтижелі жұмыс істеуге ынталандыру. Өйткені қоғамдық бақылау барысында олардың кемшіліктері ғана емес, жетістіктеріне де назар аударылды. ПИК-тердің рейтингісі жасалды.

«Қоғамдық бақылаудан кейін ПИК жұмысында кездесетін ортақ кемшіліктердің тізімі жасалды. Олар: ПИК-тердің атқарып жатқан жұмыстары жайында жүйелі түрде айтып отырмауы, күрделі жөндеу жұмыстарына қор жасамау, ревизиялық комиссиялардың әрекетсіздігі, борышкерлермен тиісті деңгейде жұмыс жүргізбеу. Тұрғындардан да бірқатар ұсыныстар түсті, олардың ішінде подъезд жуу үшін төлемді бөлек жинамай, ортақ сметаға енгізу. Балалар алаңдарын абаттандыру, аулаларда автомобиль тұрақтарының мәселесін шешу, тұрғындармен көбірек қатынас орнату және тағы басқалары бар. 20 көп қабатты тұрғын үйдің ішінен Интернационал көшесі, 29 үйдің «МИГ СКО» ПИК үздік деп танылды», - дейді Сергей Худяков.





Жоғары қарай