Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда сауда орталығында бірнеше бутик өртеніп кетті

2020 жылдың 28 шілде 2020 12:23

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Евразийский» сауда орталығында өрт шығып, 450 шаршы метр аумақ өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда орталығында өрт таңғы сағат 4.00 шамасында шыққан. Өрт сөндірушілер алты минутта жетті. Олар келген кезде ғимарат қалың түтінге оранып, ішіндегі бірнеше бутик жанып жатқан.

«Оқиға орнында дереу өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өртті бірден 4 учаскеде сөндіруге тура келді. 16 негізгі және қосалқы техника мен жеке құрамнан 54 адам жұмылдырылды. Қою түтін, жоғары температура мен ғимараттың күрделі жоспарлануы мамандардың жұмысын қиындатты. Су базар аумағында орналасқан өрт сөндіру гидрантынан алынды. Өрттің неден шыққанын анықтау мақсатында бірден өрт сөндіру зертханасы жұмысын бастады. Нысан түнде жұмыс істемейді, дабылқаққыш қосулы болған. Сондықтан өрт қойылған деп айтуға ерте. Мамандар жұмыс істеп жатыр, бейнекамералардағы жазбаларды қарап жатырмыз», - деді брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камалов.

Өрт салдарынан 1 қабаттағы азық-түлік, тұрмыстық химия, ұялы телефон сататын 3 бутик өртеніп кетті, тағы үшеуі зақымданды. 2 қабатта 1 бутик бүлінген. Өрт аумағы 450 шаршы метрді құрады. Өрт толығымен таңғы сағат 6.00-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталып жатыр.


Жоғары қарай