Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Петропавлда синтетикалық есірткі сатқан тұрғын ұсталды

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 02:03

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда синтетикалық есірткіні арнайы орындарға жасырып, таратумен айналысқан 24 жастағы жігіт ұсталды, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр шілдеде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «жасыру» әдісімен психотроптық заттарды сақтап және таратқан күдікті жігітті ұстады. Петропавлдың 24 жастағы тұрғынынан тексеру кезінде «тұзға» ұқсас зат бөлініп салынған 23 полимер орамасы табылып, алынды. Ер адам полицейлерге ұқсас заттар жасырылған тағы 22 орынды көрсетті. Тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 31,32 грамды құрады. Бұл аса ірі мөлшер болып саналады.

Бүгінгі күні синтетикалық есірткі таратумен айналысқан Петропавл тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жолдады.

Қазіргі уақытта ұсталған жігіт қамауда отыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша айып тағылған.


Жоғары қарай