Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда соңғы екі күнде бала зорлаудың екі фактісі тіркелді

2021 жылдың 4 тамыз 2021 23:10

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 13 жасар қызды зорлап, оқиға орнынан қашып кеткен ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні 9 жастағы балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Факті «Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Ал екінші оқиға бүгін болған. Петропавлда WhatsApp желісіндегі ата-аналар чаттарында кешке қарай педофилдің жас қызды зорлағандығы жайында ескерткен жазбалар тарады.

Қала тұрғындарының айтуынша, оқиға Петропавлдағы Мещан орманында, тубдиспансердің маңында болған. 13 жастағы қызға зорлық жасаған ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Полицейлер бұл оқиғаны да растады. Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары ата-аналарды аса сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмауды ескертті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қылмыстар СҚО ПД-нің және облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.


Жоғары қарай