Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Петропавлда тұрғын үйдің төбесі опырылып түсті

2019 жылдың 5 шілде 2019 20:09

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жарты ғасырдан бері тұрған тұрғын үйдің төбесінің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.

Труд көшесіндегі 57-үй 1966 жылы салынған. Тұрғындардың өтінішімен 2019 жылғы тексеріс жоспарына енгізілген. Алайда ескі үй тексеріске жете алмай, 2-қабаттағы №7 пәтердің төбесі опырылып түсті.

Қала билігінің мәлімдеуінше, үйде ПИК болмаған, соған байланысты үйдің қаңқасына айтулы жөндеу жұмыстары да жүргізілмеген.

«Стадия» ЖШС мамандандырылған ұйымы нысанға кешенді техникалық тексеріс жүргізеді. Егер үй апаттық жағдайда деп мойындалса, тұрғындары мемлекеттік тұрғын үй қорының үй кезегіне тұра алады», - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мир тұйық көшесіндегі 10-үйдің де ахуалы нашар. 8 пәтері бар үй 2014 жылы апаттық жағдайда деп танылған. Ол тіпті жоғарыда аталған үйден он жыл бұрын салынған. Қазір онда 26 адам тұрады. Қала билігінің мәлімдеуінше, тұрғындар мемлекеттік тұрғын үй қорының баспана кезегінде тұр.



Сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлда 17 үйдің апаттық жағдайда екенін айтқан болатын. Биыл соның төртеуі сүріледі. Қалған 13 үй жоспар бойынша алдағы екі жылдың ішінде сүрілуі тиіс.

Еске сала кетейік, былтыр Петропавлда үш үй сүрілген болатын. Соның екеуі өздігінен опырылған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Автор: Олеся Жуковень

Жоғары қарай