Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда заңсыз пайдалануға берілген 300-ден астам жер учаскесі анықталды

2021 жылдың 7 маусым 2021 16:48

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бірнеше жыл пайдаланылмай бос жатқан 316 жер учаскесі анықталды. Соның 75-і сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Петропавл әкімі Болат Жұмабеков өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, өткен жылды қорытындылады, биылғы жылдың жоспарларымен бөлісті.

Атқарылған жұмыстардың бірі – Петропавл аумағында бос жатқан жерлерді анықтау.

«Соңғы үш жылдың ішінде 75 учаске қайтарылды. Жалпы тексеру барысында заңсыз берілген 316 учаске анықталды. Бұдан басқа бос жатқан саяжайларды анықтау мақсатында да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары тұрғындар тарапынан саяжай учаскелеріне сұраныс артқан. Бос жатқандары есепке алынады. Кейін оны әкімдік арқылы заңды түрде пайдалануға алуға болады», - дейді Болат Жұмабеков.

Жыл басынан бос жатқан 176 саяжай учаскесі анықталған, олардың 125-і иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Аулаларға рұқсатсыз қойылған гараждар да алынып жатыр.

«Аулаларда тұрған гараждар бойынша тұрғындардан көп өтініш түседі.

Бізден оларды басқа жаққа көшіріп, орынды босатуымызды сұрайды.

Аулаларды жөндеу кезінде де бұл мәселеге тап болып жатырмыз. Қазір Петропавлда 1419 гараж заңсыз тұр. Иелерінің оларды қоюға рұқсаты жоқ.

Былтыр олардың 253-і бұзылса, биыл 121-і басқа орынға көшірілді.

Петропавлдағы «Промышленная көшесінде 600 гараж сыятын орын әзірледік», - дейді Петропавл әкімі.


Жоғары қарай