Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Петропавлда жаңажылдық безендіруге бір тиын бюджет қаражаты жұмсалмады

2021 жылдың 28 желтоқсан 2021 13:56

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда биыл жаңа жыл мерекесіне орай үш негізгі шырша безендірілді. Оларды орнатуға, жалпы мұз қалашықтарын салуға бюджет қаражаты жұмсалған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласы жаңа жыл мерекесіне әсем безендірілді. Кеше салтанатты түрде басты шыршаның шамы жағылып, мерекелік думан өтті.

Жалпы биыл облыс орталығында үш негізгі шырша құрылды. Олар орталық алаңда, Петропавл әкімдігінің алдында және Береке ықшам ауданында орналасқан.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, жаңа жыл мерекесіне орай шаһарды безендіруге, шыршаларды құрып, мұз қалашықтарын салуға биыл қазынадан бір тиын да жұмсалған жоқ.




Мәселен орталық шыршаны орнатып, әсемдеумен «Апаттық қызмет» өндірістік кооперативі айналысты. Оның биіктігі 30 метрге жетеді.

Ал оның маңын жинап, абаттандырумен «Коммунхоз» ЖШС айналысты. Мұз қалашығын салуға, оны жарықпен безендіруге кәсіпкерлер демеушілік жасады.

Былтыр қаланы әсемдеуге қолданылған жаңа жылдық ойыншықтарды жөнге келтіруге жергілікті колледждер көмектесті.




Мұз қалашығы Петропавлдың төрт ауданында – орталық алаңда, қалалық әкімдік алдындағы алаңда, Береке және 20-шы ықшам аудандарында салынып жатыр.

Петропавлда құрылмалы шырша биыл төртінші рет қолданылып жатыр. Өткен жылы да қаланы мерекеге орай безендіруге бюджеттен қаржы бөлінген жоқ.








Жоғары қарай