Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Петропавлда жас жігіттің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

2019 жылдың 8 тамыз 2019 00:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полиция қызметкерлері 28 жастағы ер азаматтың өліміне қатысты жағдай бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түні Черемушки шағын ауданындағы дәмханалардың бірінде жас жігіт мерт болған.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның өліміне оның алған жарақаттары себеп болған.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды. «Адам өліміне алып келген дене жарақатын салу», «Бұзақылық» қылмыстық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Істі толық, жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Олеся Жуковень

Жоғары қарай