Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда жаяу жүргіншілерге арналған көшеде көлік жүргізген жігіт жазаланды

2021 жылдың 24 ақпан 2021 22:43

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған көшеде тұрған Тәуелсіздік стелласын көлігімен айналып, оның бейнежазбасын әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпан күні кешке СҚО-ның Instagram -пабликтерінің бірінде 12 секундтық бейнеролик пайда болды. Бейнежазбадан Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік стелласын айналып жүрген қара түсті Toyota Camry көлігін көруге болады. Бұл көше жаяу жүргіншілерге арналғандықтан, көлікпен жүруге тыйым салынған. Тиісті жол белгісі де тұр.

«Бейнероликке желі қолданушылары пікір білдіріп, бұзақының әрекетін сынға алды. Бұл кезде Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушыны анықтау бойынша іздестіру іс-шараларына кіріскен еді. Автокөлік полицияның Жедел бақылау орталығының бейне бақылау камераларының мұрағатын зерделегеннен кейін анықталды. Құқық бұзушы ұсталды», - дейді СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов.

Оқиға 17 ақпан күні кешке болған. Петропавлдың 19 жастағы тұрғыны досының көлігін мініп, жүргізу қабілетін көрсетпекші болған. Ол жүргізуші куәлігін осыдан бір апта бұрын, 10 ақпан күні алған екен.

«Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бабы бойынша материал жинастырылды. Жас жүргізуші өзінің кінәсін мойындады. Солтүстікқазақстандықтардан кешірім сұрап бейнежазба қалдырды.



Жоғары қарай