Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Петропавлдағы 2-ЖЭО жаңғыртуға 17 млрд теңге жұмсалмақ

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 20:20

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл жылу-электр орталығында жылыту маусымы басталғалы үшінші рет қазандықтар істен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы 2-жылу-электр орталығында 22 қаңтар күні үш қазандық істен шықты. Тозығы жеткен агрегаттар шыдас бермеген. 24 қаңтар күні олардың қатарына тағы біреуі қосылды. Салдарынан облыс орталығындағы пәтерлер салқындап, тұрғындар тарапынан шағым көбейді. Мамандардың айтуынша, қазір кәсіпорында тәулік бойы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Күз-қыс айларында жылумен толық қамту үшін 12 қазандықтың сегізі қосылады. Алайда 3 қазандық бірінен кейін бірі араға 2-3 сағат салып істен шықты. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде бүгінде 7 қазандық істеп тұр. Бүгін-ертең тағы екеуін жөндеп, іске қосамыз. Бұл облыс орталығын жылумен қамтуға толық жеткілікті», - дейді Петропавл жылу-электр орталығының директоры Ержан Қоңырбаев.

Мамандардың айтуынша, тек қазандықтарды ғана қалыпты жағдайда ұстау үшін жылына 6 млрд теңге қажет екен. 60 жылдық тарихы бар қазандықтарды ауыстыру үшін қыруар қаражат керек. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін кәсіпорынды модерницазиялау жоспарланған. Бұл мақсатқа 17 млрд теңге жұмсалмақ.

Сондай-ақ, монополист коммуналдық қызмет тиісті деңгейде көрсетілмегендіктен абоненттерге төлем қайта есептелетінін жеткізді.











Жоғары қарай