Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлдық отбасы Орталық саябақтағы ескерткішті өз күшімен сырлап шықты

2021 жылдың 13 маусым 2021 23:36

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдық отбасы қаланың көркі, көпшіліктің сүйікті ескерткіші – «Аю мен қонжық» композициясын өз күштерімен ретке келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Грибановтар отбасы Орталық саябаққа барып, аю мен қонжықтың ескерткішін сырлады. Сиқы кеткен нысанды жөндеуге оларға ұл-қызы көмектесті.









Айтуларынша, іске кіріспес бұрын әкімдік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесі алдын ала ескертілген.

«Менің ата-әжем шамамен ғасыр бұрын Петропавлға көшіп келген екен. Аю мен қонжық ескерткіші фотоальбомдағы ескі суреттердің көбінде бар. Біз де отбасымызбен оның жанына барып талай фотоға түстік. Кезінде қаладан көшіп кеткендер де бұл ескерткішті арнайы іздеп барады. Бірақ оның соңғы кезде сыры кетіп тұр еді. Әкімдіктің бұл ескерткішсіз де жұмыстары көп. Сондықтан бүгін реті келіп, отбасымызбен барып жөнге келтірдік», - деді Алексей Грибанов ҚазАқпарат тілшісіне.






Алексей Грибанов Петропавлдағы «СевКазЭнерго» АҚ жұмыс істейді, мамандығы – құрылысшы-инженер. Зайыбы Юлия Анатольевна – суретші.

Көпшіліктің сүйікті ескерткіші Петропавлда өткен ғасырдың 60 жылдары тұрғызылды. Дөңнің үстінде тұрған аю мен қонжық алыстан менмұндалап, бүгінде Орталық саябақтың нышанына айналған.





















Жоғары қарай