Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Петропавлдың жаңартылған бас жоспары 2019 жылдың соңында бекітіледі

2019 жылдың 13 шілде 2019 01:39 243

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың бас жоспарына өзгертулер енгізу, алты ықшамауданды дамыту және абаттандыру мәселелері облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысқан қалалық құрылыс кеңесінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, өңірде былтырмен салыстырғанда құрылыс көлемі 12 % өскен. Облыс орталығында бюджеттікпен қатар жекеменшік құрылыс та қарқын алған. Ал қаланың бас жоспары заман талабына сай емес. Соңғы рет 2007 жылы өзгертулер енгізілген. Сәулетшілердің пікірінше, Петропавл жинақы шаһар болып қала беруі керек. Ол үшін ескі үйлер сырылып, орнына жаңа нысандар бой көтеруі тиіс. Былтыр облыс орталығында 600-ден аса үй сүрілді, биыл бұл жұмыс жалғасын табуда. Жаңа бас жоспар жыл соңына дейін дайын болады.

«Қаланы ұлғайтудың қажеті жоқ. Ол көп қаржыны талап етеді. Біз ескі ғимараттардың орнына жаңа баспана мен нысандарды салуды жалғастыра береміз», - деді Құмар Ақсақалов.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста қаладағы шағын аудандардың дамуы туралы да сөз болды. «Жас Өркен», «Шығыс», «Юбилейный», «Береке» және «Копай» аудандарында жаңа баспана, әлеуметтік нысандар бой көтермек.

«Біз былтыр «Копай» шағынауданына желілерді тартуды жоспарладық. Қазір бүкіл қала арқылы инженерлік желілерді сол жерге жеткізіп, ауданды дамытпақ ойымыз бар. Құрылысты кешенді түрде жүргізу керек», - деді Құмар Ақсақалов.

Жоғары қарай